Аймақтар • 30 Наурыз, 2023

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

1635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы болып Мұса Хайруллиев сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, мәслихаттың құрамындағы 30 депутаттың 15-і бірмандатты округтен, 15-і саяси партиялардан сайланған. Оның ішінде 17-сі қайтадан мандат алған.

«Облыстық мәслихат депутаттарының арасында 23 ер, 7 әйел бар. Олардың орташа жасы – 45-те. Депутаттардың құрамында азаматтық қоғамның 6, БАҚ-тың 3 өкілі бар. Сондай-ақ 9 кәсіпкер, білім және спорт саласынан 3 қызметкер, 4 фермер, кәсіпорындардан 3, денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік органнан 1 өкіл сайланды», деп хабарлады Азамат Айманакумов.

Облыстық мәслихаттың жаңа төрағасы Мұса Хайруллиев бірмандатты №5 округтен өзін-өзі ұсыну жолымен депутат болып сайланған.

Ол 1984 жылы дүниеге келген. Осы кезге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры лауазымын атқарған.