![Атырау облыстық мәслихатының төрағасы сайланды](/media/2023/03/30/31f5a92f-70ab-4c96-86f3-562d7f160b51.jpeg)
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, мәслихаттың құрамындағы 30 депутаттың 15-і бірмандатты округтен, 15-і саяси партиялардан сайланған. Оның ішінде 17-сі қайтадан мандат алған.
«Облыстық мәслихат депутаттарының арасында 23 ер, 7 әйел бар. Олардың орташа жасы – 45-те. Депутаттардың құрамында азаматтық қоғамның 6, БАҚ-тың 3 өкілі бар. Сондай-ақ 9 кәсіпкер, білім және спорт саласынан 3 қызметкер, 4 фермер, кәсіпорындардан 3, денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік органнан 1 өкіл сайланды», деп хабарлады Азамат Айманакумов.
Облыстық мәслихаттың жаңа төрағасы Мұса Хайруллиев бірмандатты №5 округтен өзін-өзі ұсыну жолымен депутат болып сайланған.
Ол 1984 жылы дүниеге келген. Осы кезге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры лауазымын атқарған.