Пікір • 30 Наурыз, 2023

Кәсіпкерліктің жаңа толқыны

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміздің кәсіпкерлер палаталарының алаңдарында көтеріліп жатқан көптеген мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының отырысында сөйлеген сөзінде, ұзақмерзімді стратегияларында ерекше көрініс тапты.

Кәсіпкерліктің жаңа толқыны

Біздің облыстың бизнес өкілдері шағын және орта бизнесті қолдау стратегиясы ұзақмерзімді болуы тиістігін құп алады. Себебі ол тұрақтылық факторына ықпал етіп, кәсіпкерлердің даму перспективаларын нақтылай түсті. Бұл өз кезегінде жекелеген өңірдің де, тұтастай алғанда елдің де инвестициялық әлеуетіне әсер етеді. Көппартиялық және бүкіл саяси жүйенің жаңаруы заңнамалық үдеріске сапалы әсер етуі керек. Инвестициялар мен салық бизнес үшін де маңызды.

Президент салық саясатының жаңа моделі экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тиіс екенін атады. Инвестицияларға келетін болсақ, бұл – экономиканың тағы бір құрамдас бөлігі. Мемлекет басшысының сөзінде бизнеске ерекше назар аударылуы кездейсоқ емес, өйткені біз сая­си бастамалардың кез келген мемлекет үшін басты бағыт – кәсіпкерлікті қолдауға қалай оң әсер ететінін көріп отырмыз.

Мемлекет басшысы елдің дамуы­на үлес қосатын кәсіпкерлердің «жаңа­ толқынын» қалыптастыру қа­жет­тігіне назар аударды. Биыл жас­тар мен ауыл тұрғындарына несие беру үшін облысымыздың 2,5 пайы­зына 4,3 млрд теңге бөлінді. Бұл зор қолдау және өз ісін бастағысы келетіндер үшін жақсы мүмкіндік. Қазір халық бизнеспен айналысуға жан-жақты қолдау бар екенін жақсы түсінеді. Рас, әкімшілік кедергілер де кездеседі. Мұндай жағдайларда палата кәсіпкерді қорғауға, оған көмек көрсетуге дайын.

 

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ,

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры