Оқиға • 05 Сәуір, 2023

Көкшетауда мұнара краны құлап, ер адам қайтыс болды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда құрылыс маңында мұнара краны құлап, салдарынан ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда мұнара краны құлап, ер адам қайтыс болды

5 сәуір күні Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға салдарынан облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.