5 сәуір күні Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға салдарынан облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.