Елорда • Бүгін, 15:53

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні аясында Астана қаласының мектептерінде оқушыларға арналған «Ерлік сабағы» атты ашық сабақтар ұйымдастырылды. Соның бірі Нұра ауданы №111 жалпы орта мектепте өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті

Іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жанқияр ерлігіне және Отан қорғаушылардың батырлығына құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды көздейді.

Тағылымды шараға Нұра ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі мен оқушылар қатысты. «Ерлік сабағы» аясында қатысушылар ардагерлермен және Қарулы Күштер өкілдерімен кездесіп, олардың өмір жолы, әскери қызметтегі тәжірибесі және ел алдындағы адал қызметі туралы мазмұнды әңгімелер тыңдады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ батырларының ерлігі мен ел қорғаудағы қаһармандық істері туралы тағылымды деректер айтылды.

Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты

Іс-шара барысында Отанға қызмет етудің маңыздылығы кеңінен насихатталып, тақырыптық кездесулер мен ашық пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

пп

Қатысушылар үшін арнайы көрсетілімдер мен тәрбиелік мәні зор бағдарламалар ұсынылып, соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар мен батырлардың ерлігі кеңінен дәріптелді.

Кездесу барысында жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және тарихи жадыны сақтауға ерекше көңіл бөлінді.

Ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғаудың маңызы туралы әсерлі ойларын жеткізді.

Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды

«Ерлік сабағы» – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтып, Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін ұлықтауға және әскери қызметтің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіруге бағытталған маңызды тәрбиелік алаңға айналды.

Соңғы жаңалықтар