Фото: Ақорда
Іс-шара басталар алдында Ресей президенті Владимир Путин ардагерлермен сөйлесіп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, парадты Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов қабылдап жатыр, ал шеруді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Андрей Мордвичев басқарады. Ресей әскери қызметкерлерімен бірге парадқа шетелдік әскери құрамалар, соның ішінде ҚХДР өкілдері де қатысып жатыр.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында 9, 10 және 11 мамыр күндеріне арналған үш күндік бітім жарияланғанын мәлімдеген еді. Еске салсақ, биылғы парад әскери техникаларсыз өтіп жатыр.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысу үшін Ресейге ондаған шетелдік делегация барды. Олардың қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Кеше екі ел басшылары Кремльде кездесу өткізген болатын.