Пікір • 10 Сәуір, 2023

Әлемдік деңгейге ұмтылған абзал

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі күннің экономикасын ғылымсыз елестету мүмкін емес. Бұл тұрғыда зерттеу университеттеріне ерекше миссия жүктеледі. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ зерттеу университеті деген мәртебе алды. Ендігі кезекте ғылыми зерттеу университетін құрудың басты мақсаты және оның бағдарламасының стратегиясы уақыттың жаңа сын-қатерлеріне төтеп беру, сайып келгенде, ел экономикасына ықпал ету болуы керек.

Әлемдік деңгейге ұмтылған абзал

Демек, ұлттық зерттеу уни­вер­­си­теттеріне қойы­ла­тын басты­ та­лап – ғылыми зерт­теулерді әлем­дік деңгейде іске асыру. Ол үшін жаһандық дең­гейдегі білік­тілігі жоғары кадр­ларды даяр­лау­ды қамтамасыз ету қажет. Бұл екі бағыт бір-бірімен байла­нысты. Қазіргі таңда зерттеу уни­верситетіне ғылымды және ғылым мен инновациялық қыз­мет­­тің жаңа бағыттарын дамыту үшін кадрлар даярлау мәселесі өте­ ма­ңызды. Ол үшін не істеу керек?

Бірінші. Зерттеу университеті жетекші ғылыми мектептер не­гі­зінде университеттегі инте­гра­­цияланған оқу-ғылыми және оқу-ғылыми-инновациялық ке­шен­­дердің жиынтығы болуы тиіс. Бұл ретте оқу-ғылыми ке­шен­­дер осы негізде іргелі ғы­лыми зерттеулерді және жоғары білікті кадрларын даяр­лауды қамтамасыз етеді. Ал оқу-ғы­лыми-инновациялық ке­шен­дер­де инновациялық-тех­ноло­гия­­лық қызметке және жоғары тех­нологиялық әзірлемелерді кадр­лық сүйемел­деу­ді қамта­ма­сыз­ етуге көбірек көңіл бөлінуге тиіс.

Екінші. Ұлттық зерттеу уни­вер­­ситеттеріне қойылатын бас­ты­ талап – ғылыми зерттеулерді әлем­дік деңгейде жүзеге асыру.­ Ол үшін зерттеудің басым бағыт­­тарын нақты айқындап, уни­вер­ситетте барлық факультет­те және ғылыми зерттеу институ­тын­да­ дамитын жобаларға арнайы қара­жат бөлінуіне қол жеткізу қажет.

Үшінші. Университетте ғы­лым­­­­ды ұзақ мерзімді дамыту үшін­ ғылыми-технологиялық даму­дың басым бағыттары бойын­ша жобаларды іске асыр­ған­ жөн. Арнайы бағдарлама қабыл­­­дау да артық етпейді.

Төртінші. Қазіргі заманғы инно­­вациялық зерттеулер бір­не­ше ғылыми пәндердің тоғыс­қан­ жерінде көбірек орын алып жа­тыр. Сондықтан кадр­ларды да­йындауға басқа пән­дер­дің маман­дарын да тарту қажет деп есеп­теймін.

 

Рахметқажы БЕРСІМБАЙ, 

Клеткалы биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик