Хоккей • 17 Сәуір, 2023

Жаңа бапкер тағайындалды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлт­тық құрамасына жаңа бас бапкер тағайын­далды. Бірер айдан кейін Фин­­л­ян­дия мен Латвияда жалауы жел­­бірейтін әлемдік додаға жерлес­тері­мізді Ғалым Мәмбетәлиев бастап барады.

Жаңа бапкер тағайындалды

Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы мен «Барыс» хоккей клубының ке­лісімі бойынша, әдетте ұлттық құрама тіз­гінін елордалық команданың тізгінін ұс­та­ған маман жаттықтыруға тиіс болатын. Алайда А.Скабелка Беларусь азаматы бол­ғандықтан, әлем чемпионатына жіберіл­мейтіні нақтыланып, жуырда өткен федера­цияның жиынында мамыр айындағы әлем чемпионатына ұлттық құраманы Ғалым Мәм­бе­т­әлиевтің жаттықтыратыны белгілі болды.

Енді ол жаһандық додаға дейінгі Корея құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге, Ресей мен Беларусь хоккейшілерінің қат­ы­суымен болатын турнирге және 2023 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрамаға жетек­шілік етеді.