Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы мен «Барыс» хоккей клубының келісімі бойынша, әдетте ұлттық құрама тізгінін елордалық команданың тізгінін ұстаған маман жаттықтыруға тиіс болатын. Алайда А.Скабелка Беларусь азаматы болғандықтан, әлем чемпионатына жіберілмейтіні нақтыланып, жуырда өткен федерацияның жиынында мамыр айындағы әлем чемпионатына ұлттық құраманы Ғалым Мәмбетәлиевтің жаттықтыратыны белгілі болды.
Енді ол жаһандық додаға дейінгі Корея құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге, Ресей мен Беларусь хоккейшілерінің қатысуымен болатын турнирге және 2023 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрамаға жетекшілік етеді.