Кәсіпқой бокс • 17 Сәуір, 2023

Жалынды жастардың жеңісі

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың жас кәсіпқой боксшылары Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұр­мағанбет (8-0, 6 КО) өздерінің келесі жекпе-жектерін мұхиттың арғы бе­тінде өткізіп, кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Жалынды жастардың жеңісі

Әуесқой бокста талай биіктерді бағын­дырып, үнемі үздіктер қатарынан көрініп жүр­ген отандастарымыз кәсіпқой бокста да жеңісті жолдарын сәтті жалғап келеді. Мәсе­лен, күні кеше АҚШ-тың Калифорния штатында ұйымдастырылған бокс кешінде әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл мексикалық Даниэль Эчеверриамен жұдырықтасып, қар­сыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Екінші орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раунд­қа жоспарланғанымен, отандасымыз бәсекені үшін­ші раундта нокаутпен аяқтады. Бұл – жер­лесіміздің кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі.

Ал тағы бір екінші орта салмақта жұдырық­тасатын отандасымыз, WBA International бел­беуінің иегері Бек Нұрмағанбет Венесуэла өкілі Эбер Рондонды небәрі бірінші раундта сұ­латып салды. Әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған жерлесіміздің бұл – кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегі және тоғызыншы айқын жеңісі.

Енді екі боксшы 6 мамырда Мексиканың Гвадалахара қаласында өтетін Сауль Аль­варес (58-2-2, 39 КО) пен британиялық Джон Райдер (32-5, 18 КО) арасындағы бокс ке­шінде өнер көрсетеді.