Хоккей • 18 Сәуір, 2023

Алғашқы екі ойындағы сәтсіздік

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында шайбалы хоккейден қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бірінші дивизионның «В» тобында бақ сынап жатқан жерлестеріміз алғашқы екі ойында сәтсіздікке ұшырады.

Алғашқы екі ойындағы сәтсіздік

Қазақстан құрамасы биылғы әлемдік додада Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея құрамаларымен шебер­лік байқасып жатыр. Осы топта жеңімпаз атанған бір ғана құрама «А» тобына жол­дама алады. Жерлестеріміз әлем чемпионатындағы алғаш­қы ойы­нын Ұлыбритания құрама­сымен өткізіп, бір шайба айыр­машылығымен жеңіліп қалды. Алғашқы екі кезеңде хоккейшілер бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Тек бәсекенің аяқ­талуына 11 минут қалғанда британиялық хоккейшілер гол соғып, жеңіске жетті – 1:0.

Сувондағы сайыстың екінші күнінде Виктория Сазо­нова шә­кірттері Словения қызда­ры­­мен кездесіп, бұл жолы да бір шайба айырмашылығымен қар­сыластарына жол берді – 2:1. Сло­вения сапынан Сара Кон­фи­денти (3-минут) мен Пиа Прен (45) мергендігімен көзге түссе, Қа­зақстан құрамасынан Алек­сандра Голотвина дәлдік танытты.