Қазақстан құрамасы биылғы әлемдік додада Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея құрамаларымен шеберлік байқасып жатыр. Осы топта жеңімпаз атанған бір ғана құрама «А» тобына жолдама алады. Жерлестеріміз әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Ұлыбритания құрамасымен өткізіп, бір шайба айырмашылығымен жеңіліп қалды. Алғашқы екі кезеңде хоккейшілер бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Тек бәсекенің аяқталуына 11 минут қалғанда британиялық хоккейшілер гол соғып, жеңіске жетті – 1:0.
Сувондағы сайыстың екінші күнінде Виктория Сазонова шәкірттері Словения қыздарымен кездесіп, бұл жолы да бір шайба айырмашылығымен қарсыластарына жол берді – 2:1. Словения сапынан Сара Конфиденти (3-минут) мен Пиа Прен (45) мергендігімен көзге түссе, Қазақстан құрамасынан Александра Голотвина дәлдік танытты.