Кәсіпқой бокс • 19 Сәуір, 2023

Белдікке бастар жол қайсы?

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстағы ең беделді ұйым­дардың бірі – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәре­же­сіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Белдікке бастар жол қайсы?

Өкінішке қарай, қазіргі таңда бірде-бір боксшымызда аталған ұйымның чемпион­дық белдігі жоқ. Кешегі күнге дейін чемпион атанып тұрған Геннадий Головкин жуырда IBF титулынан бас тартқан болатын. Дегенмен, Головкиннің ізбасарлары IBF рейтингіндегі орындарын жақсартып, әлем чемпионы атағына жақындап келеді. Мәселен, екінші орта салмақта жұ­ды­рық­тасатын Әли Ахмедов алтыншы орыннан бесінші сатыға көтерілді. Ал бұл сал­мақтың чемпиондық титулы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.

Ал жуырда ғана Оңтүстік Кореяда жекпе-жек өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген орта салмақтағы Мейірім Нұр­сұлтанов рейтингтегі жетінші орнын сақтап қалды. Геннадий Головкин орта салмақтағы IBF белдігінен бас тартқан соң, чемпиондық белбеу қазір бос. Рейтингте бразилиялық Эскива Фалькао көш бастап тұр. Сонымен қатар екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек ТОП-10 боксшының қатарынан тыс қалды. Ол қазіргі таңда 14-орында келеді.