Дін • 20 Сәуір, 2023

Айт күндері ораза ұстауға бола ма?

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айт күндері ораза ұстауға бола ма?

«Ораза айттың бірінші күні және құрбан айттың төрт күнінде ораза ұстау – тахриман мәкрүһ. Өйткені бұл Алланың бізге сыйлаған мерекесі, тойлау және қуаныш күндері. Бұл күндері ораза тұту күнә болғанымен, оразасы жарамды. Егер осы күндері ұстаған оразасын бұзса, қаза өтеуі керек емес. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез келген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады», делінген ҚМДБ жауабында.