Футбол • 27 Сәуір, 2023

ФИФА президенті Қазақстанға келеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

ФИФА президенті Қазақстанға келеді

Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған. Былтыр күзде ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино Франция астанасы Парижде кездесу өткізіп, футболды дамытуды кеңінен насихаттап, дайындық жүйесі мен жарыстар­ды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту мәселе­лерін талқылаған еді.

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы басшысының Қазақстанға сапары аясында ел аумағында ФИФА қызме­тін дамыту бойынша халықаралық іс-шара­ларды ұйымдастыру мәселелері талқы­ланып, сонымен қатар Орталық Азия фут­бол қа­уымдастықтары арасында ынты­мақтастықты арттыру мәселелері қарасты­рылмақ. Бұл Джанни Инфантиноның Халық­аралық футбол федерациясының басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.