Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған. Былтыр күзде ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино Франция астанасы Парижде кездесу өткізіп, футболды дамытуды кеңінен насихаттап, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін талқылаған еді.
Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы басшысының Қазақстанға сапары аясында ел аумағында ФИФА қызметін дамыту бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланып, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру мәселелері қарастырылмақ. Бұл Джанни Инфантиноның Халықаралық футбол федерациясының басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.