Дін • 27 Сәуір, 2023

Бірінші қаза оразаны ұстай ма, әлде Шәууәлдің оразасын ұстай ма?

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші қаза оразаны ұстай ма, әлде Шәууәлдің оразасын ұстай ма?

Рамазанда түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған адам шәууәл айында әуелі рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады.

Бұл ретте рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал.

Сондықтан алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс.