Тағайындау • 28 Сәуір, 2023

Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алмаз Шарман Денсаулық сақтау министрінің профилактикалық медицина мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Алмаз Шарман 1960 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысының Ұлытау ауылында дүниеге келген.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған. Мәскеу қаласындағы иммунология институтында аспирантура және докторантураны бітірген.

Биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі.

АҚШ-та Медициналық-демографиялық зерттеулер халықаралық бағдарламасының медициналық координаторы болып жұмыс істеді және Джонс Хопкинс университетінде сабақ берді. Орталық Азия бойынша халықаралық даму жөніндегі Америка агенттігінің (USAID) инфекциялық аурулар жөніндегі кеңесшісі, америкалық дипломат мәртебесі бар Қазақстан бойынша USAID өкілдігінің басшысы болды.

Алмаз Шарман «Туберкулезден азат әлем» халықаралық сарапшылар комиссиясының мүшесі және беделді The Lancet медициналық журналында осы аттас мақаланың тең авторы.