Спорт • 30 Сәуір, 2023

Жартылай финалға шыға алмады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы Вьетнамның Виньфук қаласында жалауы желбіреген клубтар арасындағы Азия чемпионатының топтық кезеңінен шыға алмады.

Жартылай финалға шыға алмады

2021 жылғы Азия чемпиондары соңғы тур ойынын Гонконгтің «Хип Хин» клубымен өткізіп, үш партияда 25:14, 25:8, 25:12 есебімен тізе бүктірді. Өкінішке қарай, бұл жеңіс «Алтай» клубының жартылай финалға шығуына жеткіліксіз болды. Себебі қатар өткен екінші матчта Таиландтың «Дайамонд Фуд Файн» командасы қытайлық «Ляонин Донхуа» ұжымынан айласын асырып, жартылай финалдың соңғы жолдамасын қағып әкетті.  

Юрий Панченко жаттықтыратын «Ал­тай» клубы құрлық додасының «В» то­бын­да  «Ляонин Донхуа» (Қытай), «Хип Хин» (Гонконг), «Хувсгул Эрчим» (Моң­ғолия) және «Дайамонд Фуд Файн» (Таиланд) командаларымен сынға түсті.