2021 жылғы Азия чемпиондары соңғы тур ойынын Гонконгтің «Хип Хин» клубымен өткізіп, үш партияда 25:14, 25:8, 25:12 есебімен тізе бүктірді. Өкінішке қарай, бұл жеңіс «Алтай» клубының жартылай финалға шығуына жеткіліксіз болды. Себебі қатар өткен екінші матчта Таиландтың «Дайамонд Фуд Файн» командасы қытайлық «Ляонин Донхуа» ұжымынан айласын асырып, жартылай финалдың соңғы жолдамасын қағып әкетті.
Юрий Панченко жаттықтыратын «Алтай» клубы құрлық додасының «В» тобында «Ляонин Донхуа» (Қытай), «Хип Хин» (Гонконг), «Хувсгул Эрчим» (Моңғолия) және «Дайамонд Фуд Файн» (Таиланд) командаларымен сынға түсті.