Спорт • 06 Мамыр, 2023

Қайрат Ахметов АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетті

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) беделді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Ахметов АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетті

Ахметов «Найзағай» лақап аты бар австралиялық Рис Макларенмен (16-8) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған еді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізсе, Рис Макларен MMA-да тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.

Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).