Ахметов «Найзағай» лақап аты бар австралиялық Рис Макларенмен (16-8) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған еді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізсе, Рис Макларен MMA-да тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.
Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).