Қоғам • 16 Мамыр, 2023

2023 жылғы журналистика саласы бойынша Пулитцер сыйлығы (Pulitzer Prizes)

368 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Пулитцер сыйлығы (Pulitzer Prizes) – жыл сайын Нью-Йорктегі Колумбия университетінде тағайындалатын АҚШ-тың журналистика, әдебиет және музыка саласындағы беделді марапаты. Оның негізін қалаған – америкалық журналист және баспагер Джозеф Пулитцер. Осы сыйлықты ұсыну туралы Дж.Пулитцер 1904 жылғы өсиетінде жазып кеткен.

2023 жылғы журналистика саласы бойынша Пулитцер сыйлығы (Pulitzer Prizes)

1917 жылдан бастап сыйлықты та­ғайын­даудың арнайы ережесі мен қарас­­тыратын кеңесі бекітілген. Дж.Пу­лит­цер ең алғашқылардың бірі бо­лып университет деңгейінде журна­лис­­ти­каны оқытуды ұсынған. Бүгінде сыйлық 22 категория бойынша беріледі, оның ішінде «Қоғамға қызмет» саласы бо­йынша үздік авторларға «алтын медаль» та­бысталады.

Ал әдебиет және музыка саласында 7 категория бойынша марапат беріледі. Ол категорияларға «Көркем әдебиет», «Драма», «Тарих», «Биография», «Есте­лік немесе автобиография», «Поэма», «Жалпы нон-фикшн» және «Музыка» жатады. Пулитцер сыйлығында «Арнайы сілтеме және марапат» (Special Citations and Awards) жүлдесі де бар.

Биылғы «Қоғамға қызмет» (Public Service) категориясы бойынша «алтын медальді» «Associated Press» агенттігі жеңіп алды. Осы категориядағы финалға «The Washington Post» және «Austin American-Statesman» газеттерінің АҚШ-тағы есірткіге қарсы күрес, Техас шта­тын­дағы қайғылы оқиға туралы жұ­мыс­­тары да қатысты. «Соңғы жаңа­лықтар репортажы» (Breaking News Reporting) категориясындағы жүлде «Los Angeles Times» ұжымына берілді. Олар нәсілшілдіктің жергілікті сая­сат­қа ықпалын зерттеген. Ал «Тергеу репортажы» (Investigative Reporting) бойынша сыйлықты «The Wall Street Journal» журналының 50 федералды агенттік (атқарушы орган) өкілдерінің заң бұзу әрекеттері жөніндегі материал­да­ры иеленді. Мақалаларда құнды қа­ғаз­дарды сату-сатып алуды реттеу және қоғам мүддесін қорғауға жауапты қыз­меткерлердің этика нормасын бұзуы туралы жазылған. «Тү­сіндірме ре­портажы» (Explanatory Reporting) саласындағы сыйлықты «The Atlantic» журналисі Кейтлин Диккерсон алды. Ол Д.Трамп әкімшілігінің мигрант-балаларды ата-анасынан ажырату сая­са­тын және оның жалғасы туралы жан-жақты зерттеген.

«Халықаралық репортаж» (Inter­na­tio­nal Reporting) категориясы бойынша «The New York Times» қызметкерлері марапатталды. Бұл марапатқа журналда жарияланған 7 мақала лайық танылды. «Соңғы жаңалықтар фотографияда» (Breaking News Photography) бағыты бойынша «Associated Press» ұжымы марапатталған. Пулитцер сыйлығы осы аталғаннан бөлек келесі категориялар бойынша да берілді:

ыа

Көп жылдар Пулитцер сыйлығына қа­тысты сыни пікір, әсіресе сыйлық беру үдерісінің субъективтілігі туралы жиі айтылды. Марапатқа ие болған кітап­тардың қатарында бестселлер тізі­мі­не енбей қалғандар да бар. Осындай сұрақтарға қарамастан, сыйлықтың ұйымдастыру алқасы алғашқы күндерден бастап құпиялық саясатын берік ұстанып келеді және ол Пулитцер сыйлығының журналистика, әдебиет және музыка сала­сындағы беделін түсірген жоқ. Сый­лық белгілі саладағы жетістіктерге әлемнің назарын аударатын және жур­налистиканы ынталандыратын іс-шараға айналып отыр.

 

Олжас БЕЙСЕНБАЕВ,

«Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ сарапшысы