Қоғам • 17 Мамыр, 2023

Латвиядағы отандастар ерекше флешмоб ұйымдастырды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан елшілігі отандастарымызбен бірлесіп, Ұлттық құрама хоккейшілерін қолдау мақсатында Латвияның Юрмала қаласында еліміздегі ең үлкен туды жайып, флешмоб өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Латвиядағы отандастар ерекше флешмоб ұйымдастырды

Қазақстан құрамасы Латвияның Рига қаласында шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысып жатыр. Осыған орай еліміздегі ең үлкен ту ұлттық құраманы қолдау мақсатында Юрмала қаласында жайылды. Сондай-ақ бұл флешмоб 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу өтінімін қолдау үшін де жасалған.

.

Ригаға арнайы жеткізілген тудың жалпы көлемі 800 шаршы метр.

Қазақстанның Латвиядағы елшілігі Рига және Юрмала Думасының басшылығына, 86-шы Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетіне және Латвия хоккей федерациясына алғыс білдірді.

.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы Канада құрамасына қарсы ойын өткізеді.