Спорт • 21 Мамыр, 2023

Премьер-лига: «Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-лига: «Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті

Қостанайлық клуб биыл доп додасынан жеңіліс тауып жатыр.

Түркістан облысының намысын қорғайтын «Мақтарал» жанкүйер көңілінен шыға алмай жүр.

Бүгінгі кездесу тағдырын 69-минутта «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков соққан жалғыз гол шешті. Нәтижесінде қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Енді аталған турда «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары ойнайды.