Қостанайлық клуб биыл доп додасынан жеңіліс тауып жатыр.
Түркістан облысының намысын қорғайтын «Мақтарал» жанкүйер көңілінен шыға алмай жүр.
Бүгінгі кездесу тағдырын 69-минутта «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков соққан жалғыз гол шешті. Нәтижесінде қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді аталған турда «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары ойнайды.