Теннис • 28 Мамыр, 2023

Негізгі кезеңде ойнайды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі үздік теннисшілердің бірі Тимофей Скатов Францияда жалауы­ желбіреген «Үлкен дулыға» сана­тын­дағы Ролан Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Негізгі кезеңде ойнайды

Теннистен Қазақстанның ерлер ара­сын­дағы екінші, әлемнің 147-ракеткасы Т.Скатов Франция ашық чемпионатының іріктеу са­йыстарында бақ сынап, негізгі кезеңде ойнайтын үш отандасымыздың (Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева) қатарын толықтырды.

Скатов іріктеу бәсекелерінің финалында әлемнің 165-ракеткасы, бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвестен үш сетте 2:6, 7:5, 6:3 есебімен басым түсіп, карьерасында алғаш рет Франция ашық чемпионатының негізгі кезеңінде ойнау мүмкіндігіне ие болды. Ол алғашқы айналымында әлемнің 33-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен шеберлік байқасады.

Сонымен қатар Е.Рыбакина Ролан Гар­рос турнирінің бірінші кезеңінде 16 жас­тағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен, Ю.Путин­цева бельгиялық Марина Заневскаямен, А.Бублик іріктеу сайыстарының жеңімпазы италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады.