Теннистен Қазақстанның ерлер арасындағы екінші, әлемнің 147-ракеткасы Т.Скатов Франция ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында бақ сынап, негізгі кезеңде ойнайтын үш отандасымыздың (Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева) қатарын толықтырды.
Скатов іріктеу бәсекелерінің финалында әлемнің 165-ракеткасы, бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвестен үш сетте 2:6, 7:5, 6:3 есебімен басым түсіп, карьерасында алғаш рет Франция ашық чемпионатының негізгі кезеңінде ойнау мүмкіндігіне ие болды. Ол алғашқы айналымында әлемнің 33-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар Е.Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің бірінші кезеңінде 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен, Ю.Путинцева бельгиялық Марина Заневскаямен, А.Бублик іріктеу сайыстарының жеңімпазы италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады.