Президент • Бүгін, 12:55

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – алдыңғы қатардағы міндеттің бірі

2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумға қатысты. Президент мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – алдыңғы қатардағы міндеттің бірі

Фото: Ақорда

«Ең алдымен, баршаңызды алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын! Қадірлі меймандарға осы форумға арнайы келгендері үшін алғыс айтамын. Сіздерді Астана төрінде көргеніме ризамын.

Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша», деді Президент.

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне 26 күн қалды

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида.

«Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл – көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы өте өзекті мәселеге баса мән беремін», деді Президент.

Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырыла бастағанын тілге тиек етті.

«Ашық диалог жүргізу, азаматтардың мұң-мұқтажын ескеріп, арыз-шағымына дер кезінде жауап беру елдегі түбегейлі өзгерістердің өзегі саналады. Осы маңызды жұмысқа биліктің әр деңгейдегі өкілдері, соның ішінде министрлер, әкімдер, депутаттар белсенді түрде қатысуы керек. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің конституциялық міндеті», деді Мемлекет басшысы.

Президент, Құрылтай және Халық Кеңесі: Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

LRT атауы өзгереді

Оқиға • Бүгін, 12:29