Президент • Бүгін, 13:17

Мемлекет басшысы: Еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталды

1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгергенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталды

Фото: Ақорда

«Ашығын айтуымыз керек, бұған дейін азаматтар үшін мемлекеттік органдардың шешімдеріне және әрекеттеріне шағымдану, яғни, өз құқығын қорғау оңай болмайтын. Әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгерді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде шешіліп жатыр. 

«Ең бастысы, күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шешілетін болды. Ал соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады. Бұл – мемлекеттік органдар өздерінің шешімдерін және әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті деген сөз. Статистикаға қарайтын болсақ, соңғы жылдары сот шешімдерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің мүддесіне сай шығарылған. Бұл да әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі екені сөзсіз. Осылайша, қоғамымыз «судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды» деген қасаң пікірден арыла бастады», деді ол.

Президент, Құрылтай және Халық Кеңесі: Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы елордада «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумына қатысты.

 

 

Соңғы жаңалықтар