Фото: istockphoto.com
Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты, әуе қатынасының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұшулар Пәкістан арқылы орындалады. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отыр және аймақтағы оқиғаларға байланысты кестені түзетуі мүмкін.
Ұшақтардың жиілігі апта сайын артып, тамыз айына қарай күнделікті режимге көшеді:
Алматы – Дубай – Алматы
- 15–21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
- 22–28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі)
- 29 маусым – 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа)
- 6–12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Астана – Дубай –Астана
- 10–19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі)
- 20–26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
- 27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер)
- 3–9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап – Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап – Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартқан еді.