Экология • 06 Маусым, 2023

Қоршаған ортаға оң көзқарас қажет

990 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ғалам жұртын мазалайтын көкейкесті мәселенің бірі – қоршаған ортаның тазалығы. Тұмса табиғаттың ластануы, әсіресе көмірсутекті шикізат санатындағы «қара алтын» көбірек өндірілетін Атырау өңірінің тұрғындарын да мазалайды.

Қоршаған ортаға оң көзқарас қажет

Бұл мәселе «Атырау эколо­гия диалогі: Экология және өнер­кәсіп. Қоғам игілігі жолындағы серіктестік» тақырыбындағы конференцияда кеңінен талқыға түсті. Конференцияда қоғам өкілдері, эко-белсенділер мен волонтерлер, экология саласын зерттеп жүрген ғалымдар, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев, облыс әкімі Серік Шәпкенов, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен еншілес кәсіпорындарының басшылары қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас­­қар­ма төрағасы Мағзұм Мыр­­­­за­­ғалиевтың айтуынша, атал­ға­н­­­ компанияның Аты­рау­ облы­­­сын­да­ғы кәсіп­орын­да­ры көмір­қыш­қыл­ газы шы­ға­рын­ды­сын 2031 жыл­ға дейін 400 мың­ тоннаға төмен­детеді. Бұл – ком­панияның бар­­лық еншілес кәсіп­орны бо­йынша төмендетуге болатын көміртек оксидінің үштен бірі (37%). Алдағы он жыл ішінде компаниялар тобы бойынша CO₂ шығарындысын 1,6 млн тоннаға қысқартуды жос­пар­лап отыр.

– Қоршаған ортаны қорғау мәселесі – біз үшін аса маңызды басымдықтардың бірі. Бұрынғы экология министрі ретінде бұл саладағы, оның ішінде Атырау өңіріндегі қордаланған өзекті мәселелерді жақсы білемін. Біз оны жоққа шығарып, жасыруға немесе жабулы қазан күйінде үнсіз қалдыруға тырыспаймыз. Мәселенің барын ашық мойындаймыз. Оны көпшілікпен талқылауға дайынбыз. Ал ең бастысы – оны шешу жолдарын тауып, жүзеге асыру. Бұған біздің бүгінгі ашық диалог алаңымыз дәлел бола алады, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Конференцияда компанияның Аты­рау облысындағы актив­те­рінде қоршаған ортаға бөлінетін заттарды азайту шаралары к­е­ңі­нен талқыланды. Оның ішін­де­ Атырау мұнай өңдеу зауы­тында отын-энергетикалық ре­­сурстарды тұтынуды қысқарту жоспары ұсынылды. Мәселен, кәсіпорын шығарындылар шаралар кешенінің, әсіресе пештерді техникалық қайта жарақтандыру мен қондырғылардағы техни­ка­лық ескірген оттықтарды ауыстыру нәтижесінде 2023-2027 жылдары 327,8 мың тоннаға азаятын болады.

Зауыттың бас директоры Мұ­рат Досмұратовтың айтуынша, 2025 жылға дейін резервуарлардан көмірсутек буларының атмосферада булануын азайту үшін понтондар орнату жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба көмірсутектердің булануын әр резервуардан 80%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Зауыттағы төрт технологиялық қондырғы ластау­шы заттар шы­ға­рындыларының негізгі көзі ретінде аталады. Сол себептен, автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу көзделіп отыр. Мониторинг жүйесі пештер мен қазандықтардан түтін газдарының құрамындағы күкірт ангидриді, күйе, метан, азот оксидтері, көміртегі оксиді бойынша талдау нәтижелерін автоматты режімде бақылаушы органдарға жібереді. Бұл кәсіп­орынның экология саласында ашықтығын арт­тыруға жол ашады.

– Зауыт су ресурстарын­ тиім­ді пайдалану бойынша­ жа­уап­­кершілік алып отыр. Осы мақ­сат үшін 2028 жылдың соңына дейін ағынды суларды тазарту қондырғысын салу жоспарланды. Бұл жоба Жайық өзенінен су тұтыну көлемін 57%-ға азай­­туға, тазартылған ағынды суды өндірісте қайта қолдану арқы­лы­ зауыттың сарқынды суды ағы­зу көлемін 70%-ға дейін төмен­де­ту­ге мүмкіндік береді. Мұның нә­тижесінде 2028 жылға қарай өзеннен алынатын су көлемі жылына 7 млн тоннадан 3,9 млн тоннаға дейін төмендейді, – дейді Мұрат Досмұратов.

Ал «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жаб­дықтары үшін қазандық-пеш­ отынын қолдану көлемін төмен­де­ту арқылы оның тиімділігін арт­тыру жолдары қарастырылып жатыр. Қазір бұған дайындық кезеңі аяқталған. Бұл кәсіпорын 2027 жылы метанның ағып кетуін анықтау және жою технология­сын (LDAR) енгізуді жос­пар­ла­ған.

Конференция алаңында «Қаз­­Мұ­найГаз» ҰК АҚ мен Аты­рау об­лысының әкімдігі арасында ме­мо­­рандумға қол қойыл­ды. Құ­жатқа сәйкес үш жыл ішін­де мұ­найлы өңір аумағында 10 мың­­ға дейін көшет егу қолға алы­­нады.

– Біздің компания атмосфераға бөлі­нетін заттарды басқару жөнін­дегі шаралардан бөлек шикі газды алау түрінде жағуды азай­тады. Су ресурстарын қайта пай­далануды, рекультивация жұ­мыстарын қолға алды. 2030 жыл­ға қарай тұрақты алау жағу көле­мін нөлге дейін жеткізуді көздеп отыр­. Қазірдің өзінде 2017 жылмен салыстырғанда шикі газды алау түрінде жағу көлемі 89%-ға­­ төмендеді. Бұл көрсеткішке негі­зінен «Ембімұнайгаз» АҚ-да газ өңдеу қондырғысын пай­да­лануға беру арқылы қол жет­кізілді. Мұнай өндіруші кәсіп­орын­дардың кен орындарында бұрын­нан жиналған мұнаймен лас­тан­ған­ жерлерді тазарту бо­йынша бір­шама жұмыс атқарылды. Соң­ғы 2 жылда 1,2 млн тоннадан ас­там мұнай қалдықтары утилизацияланып, 192 гектар жер қал­пы­на келтірілді, – деп мәлім етті М.Мырзағалиев.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024