Өнер • 14 Маусым, 2023

Үндістанда үздік атанған «Бесік жыры»

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды.

Үндістанда үздік атанған «Бесік жыры»

Аурангабад қаласында төртін­ші мәрте өткен халықаралық фести­валь­­де әлемнің түкпір-түкпірінен талантты ки­нематографистер жиналды. Би­ыл байқауға 1 300-ге жуық жұмыс ұсынылған. Оның ішінде 132-сі ани­ма­циялық фильм. Dala ani­mation шығар­машылық ұжы­мы түсірген «Бесік жыры» мульт­­фильмі қазылардың жоғары ба­ға­сын алып, көрерменнің көңі­лі­нен шық­ты.

Туынды 2021 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орта­лығының қолдауымен жарық көрген болатын.

«Бұл «Бесік жыры» анимациялық фильмінің алғашқы жүлдесі емес. Аталған мультфильм мамыр айында Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол байқауға 1 500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылған», деді Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.