Аурангабад қаласында төртінші мәрте өткен халықаралық фестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен талантты кинематографистер жиналды. Биыл байқауға 1 300-ге жуық жұмыс ұсынылған. Оның ішінде 132-сі анимациялық фильм. Dala animation шығармашылық ұжымы түсірген «Бесік жыры» мультфильмі қазылардың жоғары бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты.
Туынды 2021 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарық көрген болатын.
«Бұл «Бесік жыры» анимациялық фильмінің алғашқы жүлдесі емес. Аталған мультфильм мамыр айында Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол байқауға 1 500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылған», деді Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.