Елорда • 18 Маусым, 2023

Kaspi бөлімшесін басып алған адам банк қызметкерлерін кепілде ұстап отыр

2129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби мамандар Каspi bank қызметкерлерін кепілге алған адаммен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kaspi бөлімшесін басып алған адам банк қызметкерлерін кепілде ұстап отыр

Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр. Оқиға орнында «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

«Бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана кепілде отыр. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күштері ешкімнің зардап шекпеуін қадағалап отыр», делінген Kaspi банк баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ.