Аймақтар • 26 Маусым, 2023

«Өзенмұнайгаздағы» тексеріс қорытындысы

1333 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тарапынан «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға екі ай бойы жүргізілген тексеру аяқталып, ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары, Жұмыс тобының жетекшісі Д.Хасанов, ҚМГ Экономикалық және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ә.Атабаев, ҚМГ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас маманы Б.Төлеген, ҚМГ Мұнай және газ өндіру департаментінің бас маманы Ж.Жөкебаев арнайы брифингте тексеру комиссиясының қорытындысын жариялады.

«Өзенмұнайгаздағы» тексеріс қорытындысы

Тексеру комиссиясының құ­рамына еліміздің Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар, Эко­логия және табиғи ресурстар, сондай-ақ Еңбек және әлеумет­тік қорғау министрліктерінің қыз­меткерлері мен ҚМГ-нің еншілес және тәуелді ме­ке­мелерінің 50-ден астам қызмет­кері енген. Олар екі ай бойы «Өзенмұнайгаз­ға» қарасты 17 өндірістік құрылымдық бөлім­шесіне 8 еншілес мұнай-сер­вис­тік мекемелерінің – жалпы 55 шаруашы­лық нысандардың жұмысын тексерістен өткізді және жұмысшылардың сұра­ны­сына орай құрылған жұмыс тобы 43 мер­дігер мекемеге тексеру жүргізуде.

«Еңбек ұжымдарының бү­гінгі ахуалымен, әлеуметтік-тұр­­­мыстық жағдайы­мен таны­су мақсатында сауалнама жүр­гізіл­ді, кәсіподақ өкілдерімен кез­­десу өткізіл­ді және жеке аза­мат­тардан да өтініш­тер түсті. Ко­миссия құзырына жалпы 3 мың-нан астам сұрақ келіп түсті, нақ­тырақ айтсақ ұжымдардан 2 261, кәсіподақ ұйымдарынан 647, жазбаша өтініштер ретінде 102 сұрақ болды. Сондай-ақ «Өзенмұнайгаздың» өзекті мә­селелері мен қаржы-ша­руа­шы­­лық қызметін талдау нә­ти­желері бойынша 160 дерек тір­­келді, оның ішінде 188 бұзу­шы­лық пен сәйкессіздік анық­талды. Нәтижесінде, 7 мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді, 10 мәселе бойынша қызметтік тергеу жү­ру­де, ал 101 мәселе бойынша жа­уап­ты адамдарға тәртіптік жаза қолдану жө­нінде тапсырма берілді», деді Жұмыс тобы­ның жетекшісі Д.Хасанов.

Брифингте «Өзенмұнайгазға» жұ­мыс­қа орналасу және ішкі коммуникация мә­се­лелері, мер­дігерлік ұйымдарды бас­қару мен мекеменің қаржы-шаруа­шы­­­лық қызметін тексеру қоры­тындылары жа­рияланды. ҚМГ Экономикалық және ішкі қа­уіп­сіздік бөлімінің бастығы Ә.Ата­­баев өз баяндамасында еліміздің заңна­масына сәйкес шаралар қабылдау үшін құқық қорғау орындарына берілген 7 де­ректің әрқайсысына жеке тоқталып өтті.

«Өзенмұнайгаз» аутс­таф­фин­гінің ­же­келеген қызмет­кер­лерін жал­ған жұ­мыс­қа орналас­ты­ру бо­йынша ақпарат­қа тексе­ру жүр­гізілді. Компанияға келті­­ріл­ген залалдың алдын ала сомасы 47 млн теңгені құрайды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 361-бабы 3-тармағының 4-бөлігі, яғни лауазымдық өкілеттікте­рін теріс пайдалану бойынша ком­па­нияның лауазымды басшы тұл­ғаларына қатысты сотқа де­йінгі тергеу жүргізілуде», деді Ә.Атабаев. Сирек қолданыс­та­ғы ма­мандық иесі ре­тінде жұмыс­қа қа­былданған 238 адам­ның 17-сі­нің біліктілігі жоқ болып шық­­са, 33 адам қысқа мерзімде ком­па­ния­дағы өзге қызметтерге ауы­сып кеткен. Баяндамашының айтуынша, сирек қол­даныстағы ма­мандық иесіне деген сұ­ра­ныс­ты штатқа қабылданудың ама­лы ретінде пайдаланған. Сон­­­дай-ақ Маң­ғыстау облысы оқу орын­дарының жал­ған сер­ти­­фи­каттары «Өзенмұнайгаз» ком­­паниясының штатына кіру үшін пай­даланылғаны туралы фактілер, «Өзен­мұнайгаз» АҚ Корпоративті оқу орта­лығының хат­тамасында комиссия мүше­лерінің атынан әлдекімдер жал­ған қол қойып, жұмысқа қабыл­дау процедурасынан өтпеген адамдарды инженер қызметіне қабылдағаны туралы факті анық­талып, құзырлы орындарға жіберілген.

Комиссия мүшесі Б.Төлеген баянда­масында компаниядағы орын ал­ған кем­ші­ліктерді айтып, тергеуге жол­дан­ған 7 деректі жан-жақты талдай түсті.

«Бүгінгі таңда Жаңаөзен қа­ласында жұмыссыздық мәсе­­ле­сі – күн тәртібінен түс­пейтін өзек­ті мәселенің бірі. Қа­лада­ғы жұ­мыссыз тұрғындар тарапы­нан мұ­най-газ саласы­нан жұмыс тауып бер деген та­лаптар көбей­ген соң, «Өзен­мұ­найгаз» Жаңа­өзен қаласы әкім­дігі және жұмыс­пен қамту орталығымен бірлесіп, аталған компанияға жұмысқа ор­налас­тыру алгоритмі әзірленіп, бекі­тілген болатын. Бұл алгоритм бо­йынша қаланың жұмыссыз тұрғындары, «Өзенмұнайгаз» зейнеткерлерінің балалары алдымен қаладағы мемлекетті ком­муналдық мекемелерге, одан кейін аутстаффингке ке­зең-кезеңімен жұмысқа қабыл­данады. Содан кейін ғана атал­ған компания штатында орын босаған кезде ғана жұмысқа орналасады. Бірақ соңғы кездері осы алгоритмге байланысты жұ­мыссыз тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар көбейіп кет­кен болатын. Арнайы топқа 200-ден астам арыз-шағым ке­ліп түсті, осы негізде алгоритм бойынша жұмысқа қабыл­дау үрдісіне жүргізілген тек­се­ріс қорытындысында бір­қа­тар кемшілік анықталды», деді Б.Төлеген. Ол 2019 жыл­ғы жұмыспен қам­ту алгорит­мінің және 2021 жылғы сирек қолданыстағы мамандықтар бойын­ша персоналмен қату бағдарламасы­­ның өрескел бұ­зылуы ашықтық пен әді­лет­тілік­ті сақтаудың бастапқы идеясын бұрмалап, «Өзенмұнайгаз­дың» жұмыс беруші ретіндегі беделін түсіргендігін, қаладағы жұмыссыздар арасында әлеу­меттік наразылық тудыруға себеп бол­ғандығын айтты. Сон­дай-ақ Б.Төлеген атал­ған компания жұмысындағы тағы бір үлкен кемшілік ретінде басшы­лар мен жұмысшылар арасында диалогтің жоқ­тығын және жұмысшылар қойған сұраққа дер кезінде жауап беру, бірінші басшы блогын тұрақты жүргізу мәселелерінің ақсап тұрғанды­ғын атап өтті.

«2022 жылы ұжым­мен есеп­тік кездесулер өткізілген жоқ, 2023 жылы жос­парланған 16 кез­­десудің тек екеуі ғана өт­­кі­зіл­­ген. Бірінші басшының бло­­гі соңғы рет 2018 жылдың сә­уір айында жаңартылған. Ком­­па­ния­ға қа­расты өндірістік құры­лымдық бөлім­шелердің бас­шыл­ары өздері басқарып отыр­ған еңбек ұжымымен соңғы кез­десуі 2016 жылы болған, осын­дай кемшіліктер салдарынан ақпа­рат кеңістігіндегі вакуум ком­па­ния туралы жалған немесе ком­­панияның беделін түсіре­тін деректермен толықтырылып отырды», деді баяндамашы.

Брифингте Сатып алу және өндірісті қамту саласындағы ол­­қылықтар туралы айтылды. Спикерлердің айтуынша, тексеру кезінде 2023 жылға ар­налған сатып алу жоспары 65%-ға орын­далған, соның ішінде та­уар позициялары бойынша бар-жоғы 58% қамтылды, яғни тауар ұсыныстарының 42%-ы бо­йынша келісімшарттар жасал­маған. Келісімшарт жасалған 61 позиция бойынша орындау мерзімі сақталмаған. Тен­дер құ­жаттамасының нашар әзір­ле­нуіне байланысты қызмет көр­­сету мен жұмыстар бойын­ша 14 сатып алу ұсынысы тоқ­та­тылды. Дер уақытында орын­да­маудың басты себептері – та­уар ба­ғаларының әлсіз маркетингі, тех­никалық құжаттардың сапасыз әзірленуі, бақылаудың нашар болуы және жабдықты жасап шығару үдерісін сол жерге барып бақылау тәжі­рибесінің жоқтығы. Сондай-ақ келі­сімшарт жасалып қойған позиция­лар бойынша кешіктіріп орындау фактілері де анықталған. Тексеру кезінде жылдық көлемнің 36%-ы ғана орын­далған, кешіктірудің негізгі се­бебі – міндеттердің орындалуына бақылаудың жоқтығы, міндеттерін орындамағаны үшін келісімшартты бұзу жағдайлары тір­келмеген.

Журналистермен жүз­де­су­де Жұмыс тобының же­тек­ші­сі Д.Хасанов ӨМГ-нің өн­ді­рі­с­­тік үрдісін тексеру қо­ры­тын­­ды­ла­ры­на, оның ішін­де көлікпен қам­ту және ұңғы­маларды жерасты жөн­­деу мәсе­лелеріне тоқталды. Атап айт­қанда, жұмыс орнынан уақытынан бұ­рын кету және көлік­ті гаражға ерте өт­кізу фактілері анықталған. Бірқатар бас­қармада 2023 жылдың 4 айында ша­мамен жұмыс уақытының 170 000 сағаты орындалмаған, өндірістен тыс шығыс мөлшері шамамен 1,2 млрд теңгені құраған. Бұрғылау жұмыстары басқармасында 205 автокөліктің 199-ына GPS-трекер орнатылған, алайда олардың тек 70-і жұмыс істеп тұр.

«Сонымен қатар, ұңғы­малар­ды жерасты жөндеу жұмыс­тары бары­сында технологиялық регламенттің сақталмауы бай­қалады. Ұңғымаларды жерасты жөн­деу бригадасы жоспарды орындау үшін кенжарды жуу/ тазарту және ұңғы­ма­ларды сапалы сөндіру секілді негізгі жұ­­мыстарды сирек атқарған. Одан бө­лек, ұңғымалардың тоқ­тап қалуына жол бермеу үшін жөн­деу­­аралық кезеңде про­фи­лак­ти­ка­лық және реанимациялық жұ­мыстар орындалмайды. Жөн­деу бригадалары қабылдау көпірле­рі, превенторлар, шарлы крандар, гид­рокілттер, спайдерлермен дұ­­рыс қамтылмаған. Мұның бар­лығы ұң­ғымалардың беріктігі мен қауіпсіздігіне әсер етеді.

Қорыта келе айтарымыз, жұ­мыс то­бы ауқымды, кешенді жұмыс атқарды. Анық­талған бір­­қатар бұзушылық бо­йынша ма­те­риалдар құқық қорғау орган­дарына жіберілді. Қазір нақты бағыттар бойынша кемшіліктерді жою мақсатында жоспар әзір­леніп жатыр. Олардың кейбі­рі терең жүйелік сипатта болады. Олар­ды шешу үшін, біріншіден, уақыт, екінші­ден, қосымша қаржы қажет. Сондықтан бұл жұмысты алдағы бірнеше жылда «Өзен­мұнайгазбен» бірлесе отырып ат­қарамыз», деді ҚМГ басқарма төраға­сының орынбасары Д.Хасанов.

Тексеру нәтижесі тек кінәлі­лерді жа­за­лаумен ғана шектелмей, келешек­те кикілжіңдердің орын алмауына негіз болса дейміз. Қордаланған мәселе қашанда түсініспеушілік пен қарама-қайшылық туындатады, демек компанияға жүргізілген тексеру нәтижесінде қабылданатын іс-шаралар осы олқылықтардың орнын толтырып, кемшіліктерді түзетсе игі.

                

 Маңғыстау облысы