«Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды. «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – біз үшін өзекті міндет», деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент адамдарға өзара тығыз байланыс орнатуға көмектесіп, азаматтар мен бизнестің қаладағы өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шеше алатын белсенді қоғамдастық құру ісіне атсалысуына ықпал ететінін, Астана бұл бағытта дамып, бірқатар жетістікке жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында жасанды интеллекттің дамуы қаланы басқару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Alatau City «ақылды қаланың» жарқын үлгісіне айналуы қажет - Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 18:40
Биыл жас ғалымдарға 200 пәтер беріледі
Қоғам • Бүгін, 18:31
Президент су тасқыны кезінде батылдық көрсеткендерге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 18:25
Жоғары сапалы көлік магистралі кез келген дамыған елдің жарқын келбеті - Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 18:17
2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өтеді
Оқиға • Бүгін, 18:13
Елдегі жол саласын жемқорлық жайлаған - Мемлекет басшысы
Қазақстан • Бүгін, 18:03