«Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды. «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – біз үшін өзекті міндет», деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент адамдарға өзара тығыз байланыс орнатуға көмектесіп, азаматтар мен бизнестің қаладағы өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шеше алатын белсенді қоғамдастық құру ісіне атсалысуына ықпал ететінін, Астана бұл бағытта дамып, бірқатар жетістікке жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында жасанды интеллекттің дамуы қаланы басқару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Аймақтар • Бүгін, 00:23
Аяздан бетті қалай қорғау керек
Денсаулық • Кеше
Қазақстанның басым бөлігінде боран тұрып, тұман түседі
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қоғам • Кеше
Ұлттық ұлан жаңа технологияны меңгереді
Аймақтар • Кеше