Елорда • 13 Шілде, 2023

Елорда жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 шілде күні жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары, Астана ЖОО түлектері мен жергілікті жастар үшін елордалық Арбатта Мәмбетов көшесі бойында бос орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 14 шілдеде сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Іс-шараны Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы AMANAT партиясымен бірлесіп ұйымдастырады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Оған қатысу жөнінде 40-тан астам елорданың жетекші компаниялары мен ұйымдары өтініш білдірді.