Музей • 23 Шілде, 2023

Ұлттық музейді 310 мың адам тамашалаған

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдың басынан бері Ұлттық музейге 310 мың адам келген. Ал былтыр бір жылдың қорытындысы бойынша 330 мың адам музейді аралаған.

Ұлттық музейді 310 мың адам тамашалаған

Ұлттық музей директоры­ның міндетін атқарушы Айбек Сыдықовтың айтуынша, келу­шілердің өсу динамикасының себебі биылғы сәуірде екі жаңа залдың ашылуымен байланыс­ты. Бұл барлық жастағы ке­лу­шілер үшін қызығушылық тудыратын Палеонтология залы мен Қолөнершілер орталығы. Па­леонтология залында тиранозавр, гиппарион жылқысы, үлкен мүйізді бұғы, алып индрикотерий мүйізтұмсығы, мамонт және бас­қа да біздің заманға дейінгі ежелгі дәуірдегі жануарлар­­дың қаңқалары мен қалдықтары бар. Ал Қолөнершілер орта­лығында түрлі кәдесыйлар мен шеберлердің үздік сәндік-қол­данбалы өнер туындылары ұсынылады.

Биыл Ұлттық музейде 22 ауқымды көрме өтті. Оның 4-і халықаралық деңгейдегі жоба. Сондай-ақ «Музей түні» халықаралық акциясы аясында музейге бір түнде 47 мың­нан астам адам келіп, рекорд орнатқан болатын. Бірінші жартыжылдықта музей қоры 4000-нан астам экспонатпен толықты.

«2014 жылдан бері Ұлттық музей тарихында келушілер са­ны бойынша екі ірі көрсеткіш тіркелді. 2017 жылы, ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында 280 мың адам келсе, былтыр бұл көрсеткіш 330 мың адамға жетті. Ал биыл алғашқы алты айда ғана 310 мың келуші тіркеліп отыр. Бұл қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар тарапы­нан халқымыздың мыңжылдық мә­дени мұрасы мен тарихына қы­зығушылықтың артқанын біл­діреді», деді Ұлттық музей ди­ректорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов.