Қоғам • 26 Шілде, 2023

Букмекерлік кеңселерге бұғау салына ма?

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жоюды көздеп отыр. Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.

Букмекерлік кеңселерге бұғау салына ма?

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ­стан­дағы букмекерлік кеңселер саны

2 есе қысқарды. Мәселен, 2021 жыл­дың басында елде 38 бук­мекерлік кең­се жұмыс істесе, бүгінде олардың са­ны – 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері – 12.

Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмыс­тарын жүргізіп отыр. Нәтижесінде кейінгі 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

«Министрдің тапсырмасы бо­йын­ша осы бағыттағы жұмыс кү­шей­ті­летін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңна­маға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ біз ойын бизнесінің жарнамасымен кү­ресу үшін заңнамалық деңгейде түзе­тулерге бастамашы боламыз», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.