Қоғам • 31 Шілде, 2023

Жол ережесін бұзғандар 22 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында ереже бұзған көлік жүргізушілеріне 22 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz  «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Жол ережесін бұзғандар 22 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

Маңғыстау облысында «Сергек» бақылау жүйесі 1 шілдеде іске қосылған. 148 бейнекамера 18 шілдеге дейін тест режимінде жұмыс істеді. Қазір барлығы жолдағы заңбұзушылықтарды жедел тіркеп жатыр. Мәлімет бірден процессингтік орталыққа келіп түседі. Мұнда әр бейнежазба 30 күн сақталады екен. 

«108 камера Ақтау қаласында, 40 Мұнайлы ауданында тұр. 8 күннің ішінде «Сергек» арқылы 2 171 құқықбұзушылық дерегі анықталып, 21 млн 971 мың теңгеге айыппұл салынған. Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 811-бабының, 1-бөлігіне сәйкес салынған айыппұлдың 7 тәулік ішінде 50% төлеу мүмкіндігі қарастырылған», деді облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы Тимур Жұмалиев.