Маңғыстау облысында «Сергек» бақылау жүйесі 1 шілдеде іске қосылған. 148 бейнекамера 18 шілдеге дейін тест режимінде жұмыс істеді. Қазір барлығы жолдағы заңбұзушылықтарды жедел тіркеп жатыр. Мәлімет бірден процессингтік орталыққа келіп түседі. Мұнда әр бейнежазба 30 күн сақталады екен.
«108 камера Ақтау қаласында, 40 Мұнайлы ауданында тұр. 8 күннің ішінде «Сергек» арқылы 2 171 құқықбұзушылық дерегі анықталып, 21 млн 971 мың теңгеге айыппұл салынған. Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 811-бабының, 1-бөлігіне сәйкес салынған айыппұлдың 7 тәулік ішінде 50% төлеу мүмкіндігі қарастырылған», деді облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы Тимур Жұмалиев.
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында ереже бұзған көлік жүргізушілеріне 22 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Кеше
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Кеше
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше