Аймақтар • 05 Тамыз, 2023

Атырауда 100 жас отбасы баспанамен қамтылады

966 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиева Атырауда 100 жас отбасыға баспана беру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kzatpress.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда 100 жас отбасы баспанамен қамтылады

Спикер А.Жәрдемқызының айтуынша, жастарды үймен қамту - өте өзекті мәселелердің бірі, осы орайда, «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 20 ақпаннан бастап қабылдана бастаған құжаттар іріктеліп, ретке келтірілуде. Нәтижесі қосымша хабарланбақ.

«Көп кешікпей жақсы жаңалықтар болады деп үміттенеміз. Жалпы, басты мақсат – атыраулық 100 отбасыны баспанамен қамту. Бұл бағытта осы жылдың соңына дейін тиісті жұмыстар жоспарланған», деді спикер.