Спикер А.Жәрдемқызының айтуынша, жастарды үймен қамту - өте өзекті мәселелердің бірі, осы орайда, «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 20 ақпаннан бастап қабылдана бастаған құжаттар іріктеліп, ретке келтірілуде. Нәтижесі қосымша хабарланбақ.
«Көп кешікпей жақсы жаңалықтар болады деп үміттенеміз. Жалпы, басты мақсат – атыраулық 100 отбасыны баспанамен қамту. Бұл бағытта осы жылдың соңына дейін тиісті жұмыстар жоспарланған», деді спикер.