Мектеп • 09 Тамыз, 2023

Оралдағы лицей түлектерінің барлығы грант жеңіп алды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған мектеп-лицей-интернатын биылғы жылы 36 түлек тәмамдап, олардың 33-і мемлекеттік білім грантын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралдағы лицей түлектерінің барлығы грант жеңіп алды

Фото: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Ал өз еріктерімен байқауға қатыспаған үш түлек: Әділбек Жомарт 11 сыныпта жүргенде Астанадағы Назарбаев университетінің грантын жеңіп алса, Дарья Радзиевская Самара мемлекеттік техникалық университетіне оқуға түскен, ал Әділ Қажымов Түркияның Сакария университетінің грантын жеңіп алған.

Дәл осындай жетістікті «Сәулет» лицейінің 22 түлегі де қайталаған екен. Оның ішінде үш оқушы «Алтын белгі», төртеуі үздік аттестатқа ие болған. 5 тамызда жарияланған мемлекеттік гранттың қорытындысы бойынша лицейдің биылғы барлық түлегі мемлекеттік стипендияға ие болған.

Тағы айта кетерлігі, Қазталов пен Бәйтерек аудандарындағы екі ауылдың мектептерінің барлық түлегі де биыл мемлекеттік білім грантының иегері атанған екен.