Мәдениет • 14 Тамыз, 2023

Шотландиядағы қылқобыз үні

184 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еліміздің EEGERU заманауи музыка ансамблі әлемдегі ең ірі өнер фестивалі – Edinburgh Festival Fringe-де өнер көрсетуге шақырылды.

Шотландиядағы қылқобыз үні

 

Шотландия астанасындағы фес­­­т­и­валь қалыптасқан дәстүр бо­­йынша тамыз айында үш апта бойы өткізіледі. Оны жыл сайын екі миллионға жуық көрермен тамашалайды. Бұл ауқымды іс-шараға әлемдегі ең үздік орындаушылардың театрландырылған, музыкалық, би қойылымдары кіреді. Осы жолы аталған фестиваль көрермендерінің назарына Қазақстан өнері алғаш рет ұсынылатын болады. EEGERU ансамблінің фестивальге сапары «Дара» қайырымдылық қоры қолдауымен ұйымдастырылды.

EEGERU концерті 27 т­а­мыз­­да Queen's Hall сахна­сын­да өтеді. Ансамбль Қазақ­стан композиторларының шығар­ма­ларын, сондай-ақ шетелдік автор­лар­дың бірнеше композицияларын­ орындайды. Атап айтқанда, Эдин­­бургте алғаш рет Қуат Шілде­баев­тың­ «Қаракемер» және Артық Тоқсан­баевтың My Respect to You, Mr. Tattimbet туындылары орындалады. Концерттің ерекше нөмірі – шот­ланд композиторы Клэр Джонс­тон­ның EEGERU ансамблі үшін арнайы жазған Call of The Mountains композициясы болады. Композитор шығар­масында тек классикалық акус­тикалық және цифрлық аспаптарды ғана емес, сондай-ақ қазақ қылқобызын да қосқан.

Сонымен қатар сапар аясында EEGERU-дің ерекше қа­жет­­­ті­ліктері бар музыканттар­ мен композиторлардың мүм­кін­дігін кеңейтумен айналысатын­ Шот­лан­­дияның жетекші инк­люзивті өнер ұйымы Drake Music Scotland қа­бырғасында өнер көрсетуі жос­­­парланған. Қазақстандық әртіс­­тер шотланд әріптестеріне шеберлік сабағын өткізіп, оларды қылқобыз ұлттық аспабымен, оның мүмкіндіктерімен таныстырады.

«Біз осындай ауқымды фес­ти­вальге қазақтың заманауи музыкасын паш етуге барғалы жатырмыз. Сондай-ақ инклюзивті музыкалық білім беруде шетелдік әріптестерімізден тәжірибе алмасамыз. Қазақстанда инклюзия мәселелерімен жүйелі түрде эксперименттерге ашық және өзінің тың жобаларымен белгілі «Дара» қоры айналысады. Қордың игілікті жоспарларының ішінде бір бағыт музыкамен, музыкалық біліммен байланысты. Қазіргі әлемдегі инклюзивті оқыту жаңа технология­лармен тікелей қатысты және шотланд музыканттары бұл бағытты көптеген жыл бойы дамытып келеді. Біз шотланд музыканттары мен музыка әуесқойларының қазақ музыкасына деген құштарлығын оятамыз деген үміттеміз», дейді EEGERU ансамблінің директоры Раушан Жұманиязова.

«Мүлдем басқа музыкалық стиль­де эксперимент жасауға және оған өз шығармашылық потенциалын қосуға дайын осындай ынталы­ музы­канттармен жұмыс істеу екі тарап үшін де қызықты және құнды тәжірибе болды. Оған қоса, үдерісте тек классикалық аспаптар мен тембрлер ғана емес, сонымен қатар жүздеген жылдарға созылған тарихы бар дәстүрлі аспаптарды да қолдандық. EEGERU-мен бірге біз қазақ халық аспаптарының дыбысын британдық аудиторияға, әсіресе дәстүрлі музыкаға деген үлкен құштарлығы бар Шотландияға жеткізетінімізге қуаныштымын», дейді шотланд композиторы Клэр Джонстон.

EEGERU заманауи музы­ка­ ансамблі 2015 жылы С. Бәй­те­ре­ков­тің бастамасымен құрылған. EEGERU әртүрлі елдің же­тек­ші композиторларымен бір­лесе жұмыс істейді. Ұжымның ірі халықаралық жобаларының қата­рын­да Nauryz XXI (2016, 2018) және EEGERU Connect. Made in Germany (2019) заманауи музыка фес­ти­вальдері, Beethoven. Mute музы­калық-театрлық қойылымы (2020), «Музыка Осуществления 41» жобасы (2022) бар. Ансамбль халық­аралық ұйымдармен (Қазақ­стан Гете институты, Британ Ке­ңесі, Целинный) сәтті жұмыс жүр­гізіп келеді. Ал Drake Music Scotland – мүмкіндігі шектеулі жан­дарға музыка жазуға мүмкіндік бере­тін Шотландияның жетекші өнер ұйымы. Оның инклюзивті музы­калық технологиялар және оқытудың арнайы әдістері сала­сын­дағы тәжірибесі барлық жас­та­ғы шектеулі мүмкіндіктері бар адам­дар­ға өз бетінше ойнауға, үйренуге және музыка жазуға көмектеседі. Drake Music-тің көрнекті жобаларына мыналар жатады: Digital Orchestra – Шотландиядағы ал­ғаш­қы мүмкіндігі шектеулі жас­тар оркестрі, арнайы және жалпы білім беретін мектептерге арналған бас­ты білім беру бағдарламасы; Figurenotes ноталарды оқыту жүйе­сін енгізу.

«Дара» қайырымдылық қо­ры­ жетім балалар мен білім алу­да­ ерекше қажеттіліктері бар бала­лар­дың өмір сүру жағдайларын жақ­сартуға, әлеуметтендіруге және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асырады. Қордың жобалары балаларды оқыту, шығармашылық дағдыларын дамыту, оңалту және мамандық алу үшін қолдау көрсету сияқты маңызды салаларға бағытталған. 15 жыл ішінде Қор
40 мыңнан астам балаға көмектесіп, 140-тан астам мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қолдады, 30-дан астам жобаны жүзеге асырды.