Президент • 18 Тамыз, 2023

Мемлекет басшысына 31 цифрлық гидробекет таныстырылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Аюсай» бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына 31 цифрлық гидробекет таныстырылды

Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі.

Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.

  • Бөгеттің биіктігі: 41,1 м;
  • Бөгет қырқасының ұзындығы: 330,2 м;
  • 2,3 млн.м3 сел көшкінін ұстап қала алады;
  • Бөгеттің ауданы: 6,9 га;
  • Жоба құны: 10,5 млрд. теңге.