Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі.
Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.
- Бөгеттің биіктігі: 41,1 м;
- Бөгет қырқасының ұзындығы: 330,2 м;
- 2,3 млн.м3 сел көшкінін ұстап қала алады;
- Бөгеттің ауданы: 6,9 га;
- Жоба құны: 10,5 млрд. теңге.